Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының Ұлттар лигасының қараша айындағы матчтарына арналған кеңейтілген құрамы белгілі болды. Тізімге 38 футболшы енді, оның ішінде шабуылшы Дастан Сатпаев та бар, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) жариялаған тізімде төрт қақпашы мен 34 дала ойыншысы бар. Матчтар жақындаған сайын құрам қысқарады.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзірбайжан).
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Аширбек (екеуі де — «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де — «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Касабулат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы — «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жағыпоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Түлеубай (екеуі де — «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы — «Астана»), Әбінур Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы — «Ордабасы»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де — «Қайрат»), Дастан Сатпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артём Литош («Шахтер»).
Келесі айда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы матчтарын өткізеді. 13 қарашада Кишинёвте команда Молдовамен кездессе, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.


