2026 жылғы Азия ойындарында жүзу жарыстары аяқталды. Қазақстан құрамасы 24 жылдан кейін алғаш рет осы бағдарламада бірде-бір медаль ала алмады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жүзу турнирінің соңғы күні финалдық жүзуге екі қазақстандық спортшы жолдама алды. Софья Сподаренко 50 метр баттерфляй қашықтығында шешуші жүзуде 26,49 секунд уақыт көрсетіп, алтыншы орынға тұрақтады. Дәл осы қашықтықта брасс әдісімен Айбат Мырзамуратов бірінші ондықты түйықтады: финалда ол 27,98 секундта жүзіп өтті.
Қазақстанның тағы бір өкілі София Абубакирова 50 метрлік баттерфляйда іріктеу кезеңінен өте алмады, онда 12-орын алды.
Александр Румынский 200 метрге шалқалап жүзу қашықтығында 11-орынмен мәреге жетті. Фёдор Диденко 400 метрлік еркін жүзуде 19-нәтиже көрсетті. Максим Сказобцов 200 метр баттерфляй қашықтығында да іріктеуде қалып, онда 16-орынға тұрақтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 24 жылдан кейін алғаш рет Азия ойындарында жүзуден медальсыз қалды. Бұған дейін мұндай жағдай 2002 жылы Пусанда болған еді.


