Қазақстандық шпагашы Кирилл Проходов Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында үздік он алтылыққа енді, деп хабарлайды infohub.kz.

Бесінші жарыс күні жеке сында медаль үшін әйелдер сабля командасының мүшелері мен қазақстандық шпагашылар күресті. Ерлер шпага командасынан 19 жастағы Кирилл Проходов ең алысқа өтті. Сегіз үздіктің қатарына ену үшін қазақстандық спортшы әрекеттегі Азия чемпионы жапониялық Масару Ямадаға қарсы шықты. Проходов табанды күресте 11:15 есебімен жеңіліп, 2026 жылғы әлем чемпионатында 16 үздіктің қатарында өнерін аяқтады.

Жеке сында Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов та өнерлерін аяқтады. Әйелдер саблясында жарыс басында Айгерім Сарыбай, Карина Доспай және Анастасия Гулик жеңіліске ұшырады. Шпагашылар мен сабляшылар командалық турнирде де медаль үшін күш сынасады. Әлем біріншілігінің командалық жарысы 30 шілдеге дейін жалғасады.