Қазақстандық спортшы Эдуард Ещенко Дохада (Қатар) өтіп жатқан стендтік атудан лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Ерлер арасындағы «скит» жаттығуының финалында Эдуард Ещенко үздік үштікке енді. Бұл нәтиже оған Париждегі төртжылдықтың басты жарысына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін стендтік атудан олимпиадалық лицензияны Мария Дмитриенко иеленген болатын.