Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарында ерлер арасындағы трек велоспортынан Қазақстан құрамасы тұғырдан бір қадам қалғанда тоқтады. Командалық қуғындау жарысында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Дінмұхаметов және Дмитрий Носков құрамындағы квартет қола жүлде үшін Оңтүстік Корея қарсыластарына жол беріп, төртінші орынмен мәреге келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қазақстандықтар қашықтықтың басым бөлігінде алда келе жатты, алайда соңғы 500 метрде басымдықтан айырылды. Төрт шақырымды олар 3 минут 58,718 секундта жүріп өтіп, оңтүстіккореялық командадан 2,785 секундқа қалып қойды.

Командалық қуғындау жарысында алтынды Азия рекордын жаңартқан Қытай құрамасы жеңіп алды — 3:47,621. Күміс жүлде трек иелері — жапондықтарға 3:49,005 нәтижесімен бұйырды.

Сол күні қазақстандық шабандоздар ерлер арасындағы жеке спринтте де сынға түсті. Кирилл Курдиди іріктеуден сенімді өтіп, ширек финалға жетті — бұл кезеңнің заездері бейсенбіге жоспарланған. Данияр Шаяхметов алдын ала кезеңде 17-нәтиже көрсетіп, негізгі торға өте алмады.