Алдағы демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық, ал солтүстігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, ауа райының құбылмалы болуына солтүстік-батыс циклон әсер етеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында найзағайлы жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда қатты нөсер, бұршақ және дауылды жел болжанады, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және кей жерлерде орталық өңірлерде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Жаңбырдан кейін солтүстік және солтүстік-батыста ауа температурасы төмендеп, күндіз +21…+29 градусқа дейін жетеді. Қалған өңірлерде ыстық басылмайды. Шығыс пен орталықта ауа +39°C-қа, орталық және шығыс облыстардың оңтүстігінде +42°C-қа, оңтүстік-батыста +44°C-қа, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +45…+48°C-қа дейін қызады.
Астанада ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз: түнде +17…+19, күндіз +32…+34 градус. Алматыда да жауын-шашынсыз: түнде +23…+25, күндіз +40…+42 градус. Шымкентте жауын-шашынсыз: түнде +23…+25, күндіз +45…+47 градус.


