Қазақстанның бірқатар өңірінде 25-27 шілдеге дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер +47 градусқа дейін қатты ыстық, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болатынын болжап отыр, деп хабарлайды infohub.kz.
Астанада 25 шілдеде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел, найзағай кезінде екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында 25 шілде күндіз таулы аудандарда өте қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында 25 шілде күндіз орталықта шаңды дауыл болуы мүмкін, солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында 25 шілде күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысында 25 шілдеде оңтүстікте және таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, екпіні 15–20 м/с. Күндіз қатты ыстық +35 °C, жоғары және төтенше өрт қаупі.
Алматыда 25 шілдеде жаңбыр және найзағай.
Қостанай облысында солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. 25 шілде күндіз қатты ыстық +35 °C, оңтүстікте +38 °C-қа дейін; 26 шілдеде бүкіл облыста +35…+38 °C. Жоғары және төтенше өрт қаупі.
Абай облысында 25 шілдеде жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста және орталықта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін. Төтенше өрт қаупі.
Батыс Қазақстан облысында 25-27 шілдеде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с. 25 шілдеде өте қатты ыстық +41…+42 °C, 26-27 шілдеде +40…+43 °C.
Ақмола облысында 25 шілдеде солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 15–20 м/с. Жоғары және төтенше өрт қаупі.
Жамбыл облысында 25 шілде күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі.
Солтүстік Қазақстан облысында 25 шілде түнде және таңертең тұман, жел екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі.
Ақтөбе облысында 25 шілдеде оңтүстік-батыста жел 15–18 м/с. 25-27 шілде күндіз қатты ыстық +35…+39 °C, жоғары және төтенше өрт қаупі.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел екпіні 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі.
Жетісу облысында 25 шілдеде шығыста және таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел екпіні 15–20 м/с. 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі.
Маңғыстау облысында 25-27 шілде күндіз шаңды дауыл, жел 15–20 м/с. Қатты ыстық +38…+42 °C, жоғары және төтенше өрт қаупі. 26-27 шілдеде өте қатты ыстық +43…+47 °C.
Қарағанды облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел екпіні 18 м/с. Жоғары және төтенше өрт қаупі.
Ұлытау облысында 25-27 шілде күндіз қатты ыстық +35…+39 °C, төтенше өрт қаупі.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15–18 м/с. 25-27 шілде күндіз қатты ыстық +35…+39 °C, төтенше өрт қаупі. Сондай-ақ 25-27 шілдеде өте қатты ыстық +40…+43 °C.
Синоптиктер сонымен қатар аномальды ыстық туралы ескертті: 27 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде +41 °C; 25-27 шілдеде Атырау облысында +40…+43 °C; 26-27 шілдеде Маңғыстау облысында +43…+47 °C; 25 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде және Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында +41…+42 °C.


