2026 жылдың басында Қазақстанда 60 және одан жоғары жастағы тұрғындардың саны 2 923 472 адамға жетті. Бұл ел халқының 14,2%-ын құрайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Егде жастағы азаматтар арасында әйелдер ерлерден айтарлықтай көп: әйелдер саны 1 760 202 адам болса, ерлер 1 163 270 адамды құрайды.

60 жастан асқандар ең көп тұратын өңір — Алматы: мұнда 328 385 адам бар. Одан кейін Түркістан облысы — 216 544 адам, Қарағанды облысы — 212 487 адам, Алматы облысы — 203 499 адам және Астана — 171 138 адам тұр.

Зейнеткерлердің 1 894 268-і қалада, 1 029 204-і ауылда тұрады.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде 1 323 адам жүз және одан асқан жаста.

2026 жылдың екінші тоқсанында 60 және одан жоғары жастағы жұмыс істейтін азаматтардың саны 465 302 адам болды.

2025 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 2 415 095 зейнетақы алушы болған.