17 қараша 2026 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Майлан» далалық оқу орталығында MILITARY DRONE CHALLENGE турнирі өтті. Оған еліміздің мемлекеттік органдарының командалары қатысып, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы әрекет ету құралдарын пайдаланудағы кәсіби дағдыларын көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жарыс арнайы міндеттерді іс жүзінде пысықтау, кәсіби дайындықты жетілдіру және заманауи ұшқышсыз технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Турнир барысында қатысушылар нақты жағдайға барынша жақын ортада тапсырмаларды орындады. Командалар ұшқышсыз авиациялық жүйелерді басқару, дрондарға қарсы әрекет етудің техникалық құралдарын қолдану және заманауи технологияларды пайдаланып арнайы міндеттерді орындау дағдыларын көрсетті.
Қатысушылардың практикалық дайындығына, ұшқышсыз жүйелерді тиімді пайдалануға және қызметтік міндеттерді шешуге қажетті кәсіби құзыреттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді: I орын — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің командасы; II орын — Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы; III орын — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының командасы.
Турнирді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі WSE ЖШС және осы бағыттағы жарыстарды Қазақстан аумағында ұйымдастыруға уәкілетті Ashyq Aspan Foundation қоғамдық қорының техникалық қолдауымен ұйымдастырды.
MILITARY DRONE CHALLENGE өткізу ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану мен оларға қарсы әрекет ету құралдарын пайдаланудың практикалық дағдыларын дамытуға, жауынгерлік және кәсіби дайындыққа заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың техникалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Жарыс қатысушыларға тәжірибе алмасуға, арнайы міндеттерді орындаудың түрлі тәсілдерін бағалауға және кәсіби қызметте ұшқышсыз технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
MILITARY DRONE CHALLENGE ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту және ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы мамандардың дайындығын жетілдіру алаңына айналды.


