Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде келер жылы жаңа жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларының пайда болу перспективасы туралы айтылды. Үкіметтегі брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің мәлімдеуінше, қазір бастапқы жарнаны төмендетуді көздейтін тетіктер пысықталып жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«"Отбасы банкімен" бірлесіп қаржылық модельді пысықтап жатырмыз. Шамамен 2027 жылы бұл жаңа тетікті жариялаймыз. (Бастапқы жарнаны төмендету — ред. еск.) — 10%-ға дейін», — деді ол.
Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков қолжетімді шарттармен жаңа бағдарламаларға сұраныстың жоғары екенін мойындады. «Бұл құрал сұранысқа ие. Мүмкіндігінше пысықтап, талаптарды, құралдарды жетілдіріп жатырмыз. Қосымша қаржыландыру пайда болған сайын осы ажиотаждық сұранысты азайту үшін аталған мәселелерді көбейтуге және пысықтауға дайынбыз. Айтқанымдай, бюджет мүмкіндігіне, нарық мүмкіндігіне, процеске қатысушылардың барлығының мүмкіндігіне қарай қосымша құралдарды пысықтап жатырмыз», — деп атап өтті спикер.
Бұған дейін кейбір қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекеттің қолдауына сене алатыны хабарланған. Алайда оның мәні тегін пәтер беруде емес, құралдар ұсынуда: жеңілдетілген ипотека, жалдамалы тұрғын үй беру немесе субсидия тағайындау.


