Қазақстанда жол жұмыстарының сапасын тексеру қорытындысы бойынша 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылып, жауапты мамандарға жалпы сомасы 53,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Telegram-арнасында мәлім еткендей, биыл компания мамандары орындалып жатқан жол жұмыстарының сапасына 50-ден астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1670 ақау мен бұзушылық анықталды.
«Анықталған ақаулардың қатарында шұңқырлар, жарықтар, ойықтар, асфальтбетон жабынның жылжуы, із қалу және автомобиль жолдарының пайдалану жағдайына әсер ететін басқа да бұзушылықтар бар. Бүгінгі таңда олардың 831-і, яғни жалпы санының 49,8%-ы жойылды. Қалған ескертулерді жою жұмыстары жалғасуда», — деді компанияда.
Әрбір факті бойынша жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қолданылатыны атап өтілді. Осылайша, жұмыс сапасына тиісті бақылау жасамаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды.
«ҚазАвтоЖолда» ақаудың анықталуы оны қабылдау дегенді білдірмейтінін атап өтті: мердігер ұйымдарға ескертулерді жою талаптары қойылып, жауапты тұлғаларға көзделген шаралар қолданылады.
Жол нысандарын тексеру республикалық желі бойынша жалғасатыны хабарланды.


