Қазақстандық кәсіпкер, Cyber Temple геймдев-студиясының негізін қалаушы Алексей Назаров өзінің ойынын жасауға 5 миллион доллар салды. Бұл жоба ең күтілетін ойындардың қатарына енді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Назаров Kursiv Talks подкастының жаңа шығарылымына қонақ болды. Ол мансабын финтех саласында бастаған. Алайда жобасын сәтті сатып, ақшаны аздап демалған соң студия құруға және оның алғашқы ірі ойыны — city builder жанрындағы Dark Switch-ке жұмсады.
Подкаст барысында кәсіпкер ойын өндірісінде қандай қиындықтар мен тәуекелдер бар екенін айтты: команда іске қосу кезінде бағдарламалық қателерді қалай ұстады, ойын ішіндегі экономиканы, ойынның әлемін және дизайн-кодын қалай әзірледі.
Сонымен қатар Назаров қауымдастық пікіріне құлақ асу неге маңызды екенін, әлемнің түкпір-түкпіріндегі ойын әзірлеушілер бір-бірін қалай қолдайтынын және Silent Hill атты культтік ойындар сериясының арқасында әлемге танылған жапон композиторы әрі дыбыс режиссері Акира Ямаоканы жобаға қалай тартқанын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Талқылаудың жеке блогы ақшаға арналды. Ойын әзірлеу қанша тұрады? Салған қаражат қаншалықты жылдам өтеледі? Және Dark Switch неге «ұзақ мерзімді ойын»?
Осы сұрақтардың барлығына Назаров Kursiv Talks подкастында жауап берді. Оның толық нұсқасын Kursiv Media-ның YouTube-арнасынан көруге болады.


