Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар коронавирусқа ұқсас белгілер – тамақ ауруы, жөтел, иіс пен дәм сезу қабілетінің жоғалуы туралы жиі хабарлай бастады. Алайда дәрігерлер өздігінен диагноз қоюға болмайтынын ескертеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде бірнеше респираторлық вирус таралуда, бірақ сырқаттанушылықтың өсуі байқалмайды. Мамандар ағымдағы жағдайды маусымдық деп сипаттайды.
«Қазіргі уақытта халық арасында вирустық инфекциялардың өсуі жоқ. Біз фондық немесе маусымдық сырқаттанушылықты байқап отырмыз, ал біздің зертханалар анықтаған вирустардың ішінде ерекше вирустар жоқ», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева.
Зертханалық зерттеулер науқастар арасында риновирус, аденовирус, парагрипп және маусымдық коронавирустар кездесетінін көрсетеді. Сондай-ақ COVID-19 жағдайлары анықталуда, алайда жаңа қауіпті штаммның пайда болу белгілері тіркелген жоқ.
Мамандар тіпті қарапайым ЖРВИ бір жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде, егде жастағы адамдарда және созылмалы аурулары бар науқастарда ауыр өтуі мүмкін екенін еске салады. Белгілер пайда болған кезде өздігінен диагноз қоюдың қажеті жоқ, дәрігерге жүгінген жөн.


