Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының Ресей аумағындағы соғыс аймағына алдаумен жіберілгенін айтқан бейнеүндеуі таралып жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты дереу әрекет етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін БАҚ-та СІМ-нің отандастарымыздың елге оралуға көмектесу туралы өтініштеріне түсініктеме бергені хабарланған. КТК телеарнасының журналистері мән-жайды анықтап, өтініш білдірушілердің туыстарымен сұхбаттасты.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын желіде қазақстандықтардың қатысуымен түсірілген бейнежазба пайда болды. Жас жігіттер өздерін алдаумен соғыс аймағына жібергенін айтады. Шымкент тұрғыны күзетші болып жұмыс істеуге барғанын, бірақ тілді нашар білгендіктен әскерилермен келісімшартқа отырғанын, оның мәнін түсінбегенін жеткізді.

«Мен бұл жерге алданып келдім, жұмыс туралы досым айтты, үшеуміз осында келдік. Сеніп, құжаттарға қол қойдық. Сосын бізге не соғысқа барасыңдар, не түрмеге жабыласыңдар деді. Біз қорықтық, барар жеріміз қалмады, осылайша осында келдік. Енді үйге қайтудың жолын іздеп жүрміз», — деді Айнабек Келдибек.

Анасының айтуынша, 20 жастағы Айнабек Келдибек әскерден жақында оралып, жұмыс іздеген. Ресейге вахтаға баруға жақсы жалақысына байланысты келіскен. Оның сөзінше, оған қарапайым күзетші болатынын уәде еткен. Жігіттің анасы ұлын елге қайтаруды сұрайды. Ұлы оған өзін қорқытып, соғысудан бас тартса, түрмеге жабамыз деп қорқытқанын айтқан. Қазір әйел ұлына көмектесудің жолдарын іздестіруде.

«Ұлымды қорқыта бастады. Егер бармаса, 15 жылға отырғызамыз деді. Ол қорықты да, олардың соңынан ерді. Қазір күнде дерлік қоңырау шалып, жылап, құтқаруын сұрайды», — дейді Перизат Елеусизова.

Еске салайық, СІМ бұл өтінішке қатысты әрекет етіп, соғыс аймағында болған қазақстандықтардың туыстарының өтініштерін қабылдау үшін министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейтінін хабарлады.

Соғыс аймағында болған ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:

ҚР СІМ консулдық қызмет департаменті: +7 (7172) 72-05-00; Dks_ast@mfa.kz

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі: +7 (925) 897-71-14; consul.moscow@mfa.kz

ҚР Астраханьдағы Бас консулдығы: +7 (906) 177-70-88; astrakhan@mfa.kz

ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығы: +7 (905) 020-30-42; +7 (843) 202-05-92; kazan@mfa.kz

ҚР Омбыдағы Бас консулдығы: +7 (968) 100-73-06; omsk@mfa.kz

ҚР Екатеринбургтегі Бас консулдығы: +7 (939) 919-76-33; ekaterinburg@mfa.kz

ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы: +7 (981) 916-25-12; +7 (921) 188-90-60; s-petersburg@mfa.kz