Қазақстанда қоғамдық орындарда көліктерінде былапыт сөздері бар қатты музыка қосқан жүргізушілерге әкімшілік қамау қаупі төніп тұр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінде түсіндіргендей, қоғамдық орындарда көліктен немесе портативті колонкалардан былапыт сөздері бар әндерді қосу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы — «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланады. Мұндай бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы 86,5 мың теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Қайталанған бұзушылық кезінде жүргізуші 20 тәулікке қамалуы мүмкін.

Егер қатты музыка түнгі уақытта ойнатылса, жүргізушінің әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы — «Тыныштықты бұзу» бойынша қосымша саралануы мүмкін. Бұл жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 09:00-ге дейінгі кезеңді қамтиды.

Қоғамдық орындарға көшелер, саябақтар, тұрғын үйлердің подъездері, ғимараттардың холлдары және қоғамдық көлік жатады. Полиция мұндай бұзушылықтарды азаматтардың өтініштері бойынша ғана емес, патрульдеу кезінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерді мониторингілеу арқылы да анықтай алады.

Бұған дейін «Курсив Авто» басылымы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұлдар, утильсбор, көлікті тіркеу құны және автосақтандыру қаншалықты өсетіні туралы хабарлаған болатын.