Енді қазақстандықтар нотариусқа бармай-ақ, күйдіруге алдын ала келісім бере алады. Жаңа қызмет eGov порталында қолжетімді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
eGov порталында «Күйдіруге өмірлік кезіндегі ерік білдіруді тіркеу» қызметі пайда болды. Өтінім беру үшін авторизациядан өтіп, қызметті онлайн тапсырып, өтінімді ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Азаматтар кез келген уақытта ойларын өзгертіп, шешімдерін кері қайтара алады.
Қазақстандағы алғашқы күйдіру орны сәуір айында ашылды. Осы уақыт ішінде 40-тан астам өтініш түсті, бірақ тек алты мәйіт күйдірілді. Қызмет құны 240 мың теңгені құрайды. Зорлықпен қайтыс болғандарға бұл рәсім жасалмайды, себебі эксгумация мүмкіндігін сақтау қажет.


