Қазақстанда жүргізушілер енді ақылы жолдарда тоқтамай-ақ жол ақысын төлей алады. Ол үшін автокөлікке тегін RFID-метка орнату қажет, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«КазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар ақылы автокөлік жолдарының пайдаланушылары жол ақысын автоматты түрде төлеу үшін RFID-меткаларды пайдалана алады. Бұл технология ақы төлеу пункттерінен өту уақытын қысқартып, кезекті азайтуға мүмкіндік береді.
«RFID-метка автокөлікке орнатылып, оның мемлекеттік тіркеу нөміріне және пайдаланушының жеке шотына байланыстырылады. Жолдан өткен кезде жүйе көлікті автоматты түрде танып, тоқтаудың қажеті жоқ, баланстан ақшаны есептен шығарады», — деп түсіндірді компанияда.
RFID-меткалар тегін берілетіні атап өтілді. Оларды республикалық жолдардың ақылы учаскелеріндегі төлем пункттерінен алып, орнатуға болады. Қызметкерлер құрылғыны автокөлікке байланыстыруға көмектеседі.
«Меткаларды пайдалану төлем пункттерінің өткізу қабілетін арттырып, әсіресе қозғалыс қарқынды кезеңдерде жол жүруді ыңғайлы етеді. Компания тегін метканы алдын ала алып, жеке шоттағы балансты оң ұстап тұруды ұсынады, сонда жол ақысы автоматты түрде және тоқтаусыз төленеді», — деп қосты «КазАвтоЖол» өкілдері.
RFID-меткаларды алу және пайдалану мәселелері бойынша қазақстандықтарды «КазАвтоЖол» колл-орталығына 1403 нөмірі бойынша хабарласуын сұрайды.


