Люминесцентті шамдардың астында үнемі отыру күндізгі белсенділікті төмендетіп, ағзаның биологиялық сағатын бұзуы мүмкін. Осындай қорытындыға ғалымдар келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Earth.com жазуынша, Мичиган штаты университетінің және Берклидегі Калифорния университетінің мамандары Ніл шөптік егеуқұйрықтарына бірнеше тәжірибе жасаған. Қарапайым зертханалық тышқандардан өзгеше, бұл африкалық кеміргіштер күндіз сергек жүреді, сондықтан олардың циркадтық ырғағы — ағзаның ішкі биологиялық сағаты — адамдікіне жақын.

Алғашқы тәжірибеде сегіз еркек дарақ екі апта бойы әртүрлі жарық режимінде өмір сүрді: 5 600 люкстік жарқын күндізгі жарықтан 150 люкстік күңгірт кеңсе шамдарына дейін. Кеңсе жарығында жануарлар немқұрайлы тартып, сергектігінің шыңы кешірек уақытқа жылжыды. Түсте бар болғаны бір сағат жарқын жарық қосу кеміргіштерді айтарлықтай сергітіп тастады.

Екінші сынақта 20 еркек дарақты екі топқа бөліп, алты апта бойы бір тобын толық күндізгі жарықта, екіншісін кеңсе шамдарының астында ұстады. Екінші топтағы жануарларда қант диабетіне жақын қауіпті қант деңгейі жиі тіркелді, ал шәует қозғалғыштығы қалыпты жарықта өмір сүрген туыстарындағы 45 пайызға қарсы 19 пайызға дейін төмендеді.

Journal of Biological Rhythms журналында жарияланған жұмыс авторлары іріктеменің шағын болғанын және тек еркек дарақтарды қамтығанын атап өтеді, сондықтан қорытындыны әзірге адамдарға тікелей көшіруге болмайды. Болашақта зерттеушілер түскі үзілісте далада серуендеу кеңсе қызметкерлеріне күн тәртібін сау ұстауға көмектесетінін тексеруді жоспарлап отыр.