Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын Самчжиен қаласындағы туристік аймақтың құрылыс алаңына барды. Оған қар үстіне сәнді кресло шығарып берілді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлады, оған infohub.kz сайты сілтеме жасайды.

ЦТАК дерегінше, 17 қарашада Ким Чен Ын тау туризмінің кешенді аймағы мен жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі аймағының құрылыс орнында болды. Атап айтқанда, ол Пукпхотхэ тауы маңындағы тау шаңғысы және туристік демалыс аймағының құрылысын аралады.

Агенттік жариялаған суретте инспекция кезінде солтүстіккореялық көшбасшыға көшеге сәнді кресло шығарып, оны тура қар үстіне қойғаны көрінеді. Ким Чен Ын осы креслода қолына темекі ұстап отырған күйі түсірілген.

Сонымен қатар камера нысанасына КХДР көшбасшысының қызы Ким Чжу Э де ілікті. Ол жаңа туристік аймақта шаңғы тепті.