Танымал сұлулық процедурасы — кірпік ұзарту тері кенелерінің пайда болуына және құрғақ көз синдромының дамуына әкелуі мүмкін. Осындай қорытындыға ғалымдар келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Зерттеу Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының 44-ші конгресінде ұсынылды. Онда көпшілік зиянсыз косметикалық әрекет деп санайтын процедураның қауіптері ашылды.

Сауалнамаға 16 мен 28 жас аралығындағы 345 әйел қатысты. Ұзартылған кірпігі бар респонденттердің жартысына жуығы жайсыздыққа, қызаруға, жас ағуға және қышуға шағымданды.

25 пациентті микроскоппен тексеру олардың 24-інің кірпігінде Demodex folliculorum кенелері мекендейтінін көрсетті. 18 әйелде демодекоз белгілері, соның ішінде ісіну мен терінің қабыршақтануы байқалды. 10 реттен көп ұзарту жасаған қатысушылардың 85%-ында көзді құрғаудан қорғайтын майлы секрет бөлетін мейбомий бездерінің дисфункциясы анықталды.

Н. И. Пирогов атындағы Винница ұлттық медицина университетінің авторлары процедурадан толық бас тартуға шақырмайды. Сарапшылар қабақ гигиенасын сақтауды, тазарту үшін арнайы гипоаллергенді гельдерді қолдануды және қабынудың алғашқы белгілерінде дер кезінде дәрігерге қаралуды ұсынады.