Қытай ешқашан АҚШ сайлауына араласпаған. Бұл туралы ҚХР-дың Вашингтондағы елшілігі Дональд Трамптың халыққа үндеуінде айтылған айыптауларына байланысты мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Қытайдың Вашингтондағы елшілігі мәлімдеме жариялады. «Қытай басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатын ұстанады. АҚШ сайлауы – Америка Құрама Штаттарының ішкі ісі. Оның нәтижесін американ халқының дауыстары анықтайды. Қытай АҚШ-тағы президенттік сайлауға ешқашан араласпаған және ешқашан араласпайды», — деп мәлімдеді ҚХР елшілігі.
Бұған дейін Трамп Қытайды 2020 жылдан бері тарихтағы ең ірі сайлау деректерін компромациялады деп айыптады. Ақ үй басшысы сондай-ақ Ресей, ҚХР, КХДР және Иранды АҚШ-тың сайлау жүйесіне қауіп деп атады.


