Әлемде 450 мыңнан астам адам алдағы алты айда Эль-Ниньо табиғи құбылысынан туындаған рекордтық ыстықтан қаза табуы мүмкін. Бұл болжам Climate Impact Lab және Чикаго университеті климатологтарының бірлескен баяндамасында айтылған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Эль-Ниньо — Тынық мұхиттың орталық және шығыс экваторлық бөлігіндегі беткі сулар әдеттегіден айтарлықтай жылы болатын табиғи климаттық құбылыс.
Ғалымдардың пікірінше, ыстықтың салдары бүкіл әлемді қамтиды — Индонезиядан Үндістанға, Нигериядан АҚШ-қа дейін. Құрғақшылық, орман өрттері мен су тасқынынан жаңа өлімдер көп болады деп күтілуде.
Зерттеушілер халықты қорғау шараларын қолдануға шақырды. Оларға мыналар жатады: ыстықты дәлірек болжау, адамдар ауа райынан бас сауғалайтын салқындату пункттерін ашу, ең ыстық кезеңдерде медициналық мекемелер штатын ұлғайту және ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау.
«451 мың адам деген баға тым үлкен, адамды абыржытып жіберуі мүмкін, бірақ оған ата-аналар мен балалар, әжелер мен аталар, көршілер, жұмысқа барып, отбасын асырап, өз өмірін жалғастырып жатқан адамдар кіреді», — деді баяндаманың тең авторы, профессор Майкл Гринстоун.
Ыстықтан өлім 2027 жылдың қыркүйегінен ақпанына дейін артады деп күтілуде.
Ғалымдардың бағалауынша, алдағы алты айда ең көп зардап шегетін елдер — Нигерия, Индонезия, Судан, Үндістан және Бразилия. АҚШ та ең көп зардап шегетін 20 елдің қатарында, онда ыстықтан тағы 3500 өлім болжанып отыр.


