Америка Құрама Штаттарының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонның ішкі және сыртқы саясатын қатты сынға алып, ел енді нақты ойыншы болудан қалды, тек халықаралық аренада мәселе туғызып отыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Клинтонның айтуынша, америкалық билік басқа мемлекеттермен қарым-қатынасқа кері әсер ететін ұстанымдарға көшкен. «Қараңыздар, қазір біз нақты ел емеспіз. Біз қауіпті елміз. Түрлі мәселе туғызып отырмыз. Әлемдік аренада күлкілі ұстанымдарға барып жүрміз», — деді ол.

Өз кезінде Дональд Трампқа сайлауда жеңіліп қалған Клинтон АҚШ ең жақын достарымен және көршілерімен жанжалдасатын деңгейге жеткенін атап өтті. «Сонымен қатар бізге жамандық тілегендерге жеңілдік жасаймыз. Яғни, біз нақты ел емеспіз, нақты басшылығымыз да жоқ», — деп қосты ол.

Бұл мәлімдемелер Конгресстегі аралық сайлау қарсаңында Демократиялық партияның «элитасы» мен «зейнеткерлерінің» айтарлықтай белсенділік танытуы аясында айтылды. Жуырда «шаң басқан сандықтан» Камала Харристі шығарып алды. Ол отынның жаңа бағасы жазылған жанармай құю бекетінің тақтасы аясында Трамп пен республикашылдарды сынады. Оның айтуынша, Трамп бастаған соғыс салдарынан американдықтар әр көлік құюға 15 доллар артық төлеп отыр.

Еске салайық, жақында американдықтар жаңа Конгресін сайлайды. Әзірге сауалнамалар демократтардың алда келе жатқанын көрсетіп отыр. Ал Трамп сайлауда Республикалық партия жеңіске жетсе, АҚШ-тың әрбір кәмелетке толған азаматына 5 мың доллардан беремін деп уәде етті.