- 13 қаң. 2020 00:00
- 300
Көбелектер жайлы бірнеше дерек
Көбелектер-көркімен көз тартатын тіршілік иегерлері. Тым қысқа өмір сүргенімен, Табиғат анаға тигізер пайдасы орасан. Көбелектер жайында қызықты деректермен таныс болыңыз:
• Лепидоптерология-көбелектерді зерттейтін ғылым саласы.
• Attakus Atlas-ең үлкен көбелек өкілдерінің қатарынан табылады. Олар түнгі уақытта тіршілік етеді, кейбір ғалымдар оны құсқа да балайды. Себебі, көбелектің қанатының ұзындығы-30 см.
• Әлемдегі ең кішкене көбелек-Англияның Канар аралынан кездеседі. Оның ұзындығы, небәрі 2 мм.
• Кейбір көбелектер әр күн сайын мың жұмыртқа салады.
• Көбелектерде есту мүшесі тым нашар. Есесіне, олар жауынан қорғанар сәтте дыбыстық белгіні сезеді.
• Еуропа елдерінде көбелектерге ерекше назар аударады. Ал, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Америка сынды алпауыт елдерде оны азық ретінде пайдаланбайды.
• Барлық көбелектердің салмағы, шамамен есептесек, екі раушан гүлінің салмағына тең.
• Көбелектер-тозаңдатқыштардың қатарына енеді және олар 60 км/сағ жылдамдықпен ұшады.
• Бүгінде көбелектердің 165 мыңға жуық түрі бар.
• Бұл табиғат мекендеушілері-стресстен құтылуға септігін тигізеді. Иә, Стокгольм қаласының дәрігерлері осы тұжырымдамамен келісіп, арнайы тәжірибелер жүргізгені анықталды.
• Көбелектер Арктикада да күн кешеді. Арктикалық көбелектер түссіз болып келуі мүмкін. Олар қанатының түсі арқылы жауынан қорғана алады.
• Кейбір көбелектер жануарлардың көз жасымен қоректенеді.
• Көбелектердің дәм рецепторлары табанында орналасқан. Сонымен қатар көбелек көзі 6000 мыңға жуық линзадан тұрады.
• Көбелектердің қанатын жию арқылы таңғажайып туынды жасасаңыз болады. Әрине, егер қанат саны-4,5 млн болса ғана. Бір таң қаларлығы-әлемде осындай жолмен салынған суреттеме бар екен. Бұл туынды "Жауынгердің шынайы сенімі" деп аталады. Оның иесі-Ким Ир Сен атты шетелдік адам.
Аружан Самидин