Көкөністер туралы ертегі
Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.
Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.
Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.
Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.
Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.
Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.
Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.
Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез - құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?
Көкөністер туралы ертегі
Көкөністер туралы ертегі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз772 қаралым
#ертегі#көкөністер туралы ертегі#балаларға арналған ертегі#ертегілер жинағы
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

