Көкшетауда полицейлер интернетте әйел есімдерімен жасалған жалған аккаунттарды пайдаланып, азаматтарды алдаудың схемасын ашты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігінің Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың екі тұрғынын анықтаған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар әйел деректерімен аккаунттар жасап, желіде ерлермен танысқан.

Зардап шеккендердің бірі — Көкшетаудың 34 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың шілдесінде белгісіз адамдар Telegram арқылы алдап, оған тиесілі 28 мың теңгесін иемденгенін айтқан.

Хат алмасу барысында әңгімелесушілер сенімге кіріп, кейін түрлі сылтаулармен ақша аударуды сұраған. Бұл ретте жеке кездесуге іс жетпеген — ақшаны алған соң олар байланысқа шығуды тоқтатқан.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, фигуранттардың басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеруде.