Көкшетауда бес адамды алдаған ірі алаяқтық дерегі тергеліп жатыр: оларға аукционнан тиімді бағамен көлік сатып алуға көмектесуге уәде берілген, алайда жәбірленушілер не көлік, не ақшасын қайтара алмаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаланың 40 жастағы тұрғыны алаяқтық схемасын 2023 жылы ойлап тапқан. Ол туыстары мен таныстарына Астанадағы аукционнан көлік сатып алуды ұсынып, оны төмендетілген бағамен ұйымдастыра алатынына сендірген.

Сенімділік үшін ер адам кезең-кезеңімен төлеуді ұсынған: алдымен бастапқы жарна енгізу, қалған соманы көлікті алғаннан кейін төлеу. Танысына сенген азаматтар оған ірі көлемде ақша берген.

Жәбірленушілердің бірі — Көкшетаудың 38 жастағы тұрғыны күдіктіге 11 млн 559 мың теңге берген. Барлығы үш жыл ішінде ер адам бес жәбірленушіден 41 миллион теңгеден астам ақша алған.

Алайда уәде орындалмай қалған: жәбірленушілер не көлік, не ақшасын қайтара алмаған, ал күдікті бұған түрлі сылтау айтқан. Жәбірленушілер полицияға арыз бере бастағанда, ер адам тергеуден жасырынып, біраз уақыт іздеуде болған.

Қазір күдікті ұсталып, қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.