Көкшетауда синтетикалық есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу фактісі бойынша әкесі мен қызына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тергеу деректері бойынша, сәуір айында Көкшетаудың 20 жастағы тұрғыны ерекше ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сатып алған. Осыдан кейін бірден қыз нашақорлыққа қарсы күрес полицейлерінің назарына іліккен.

Тергеу барысында оның әкесінің де заңсыз әрекетке қатысы бар екені анықталды. Ресми табысы жоқ ер адам әлеуметтік желілерден табыс табу мүмкіндігі туралы хабарландыруды тауып, есірткі таратушы (закладчик) ретінде жұмыс істеуге келіскен.

Оның әрекеті полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Ер адам қолды болды. Жедел іс-шаралар барысында одан синтетикалық есірткі заты бар 30 орама тәркіленді.

Қылмыстық істерді қарау нәтижесінде сот әкесі мен қызын кінәлі деп таныды. Шілде айында алты күн айырмашылықпен айыптау үкімдері шығарылды.

20 жастағы қызға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Амнистия туралы заңға сәйкес мерзім қысқартылып, түпкілікті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Оның әкесіне сот 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ер адамның жесір екенін және кәмелетке толмаған баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын ескере отырып, сот жазаны үш жылға кейінге қалдыруды қолданды.