Көкшетауда 59 жастағы әйел алаяқтардың қоңырауынан кейін ақшаны курьерге беріп, 10 млн теңгеден астам қаражаттан айырылды. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Әйел полицияға жүгінген соң төрт сағаттан кейін күдікті Астанада ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекте әйел полицейлерге белгісіз адамдар оны ақшаны «сақтау» және «тексеру» үшін беруге көндіргенін айтқан. Зардап шеккен әйел ірі сома жинап, келген курьерге пакетті тапсырған.

Курьер кеткеннен кейін ғана ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полицейлер курьердің жеке басын жедел анықтап, оның Астанада тұратынын білді. Қызметкерлер астанаға барып, күдіктіні төрт сағаттан астам іздестірді.

Нәтижесінде ер адам ұсталды. Оның қолынан зардап шеккен әйелдің ақшасы табылып, тәркіленді. Полиция дерегінше, ол алынған соманың барлығын аударып үлгермеген.

Ұсталған ер адам Көкшетауға барып, пакетті алу туралы нұсқаумен қоңырау келгенін айтты.

Қазір полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

«Мемлекеттік органдардың нағыз қызметкерлері ешқашан ақшаны «сақтау» немесе «тексеру» үшін беруді не аударуды талап етпейді. Мұндай қоңыраулар кезінде әңгімені дереу тоқтатып, полицияға жүгіну қажет», — деп еске салды қазақстандықтарға департаментте.

Бұған дейін КЖК құрылыс нарығының қатысушыларын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерткен.

Бұрын «Курсив» алаяқтардың iPhone 18 алдын ала тапсырыстарында пайдаланушыларды алдай бастағанын жазған.