Қазгидромет мәліметінше, 29 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында ауа райы қолайлы болады деп күтілуде. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Синоптиктер Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау, Риддер және Өскеменде қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) болатынын ескертті.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл ауаның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық болжам. Ол жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасын қамтиды.


