Көлігіңіздің радиаторын безендіріп тұрған белгі нені білдіреді?
Көліктердегі логотиптер жай ғана дизайнерлердің ойларынан шығарған туындылары емес. Әр эмблема – компания иесіне маңызды болған дәстүрлер мен жайттарды бейнелейтін көп жылдық еңбектің өзіндік бір нәтижесі.
Автокөліктерді ежелден эмблемалармен және мүсіншелермен безендіретін. Бұл жалтырауықтарға бала-шаға өш, жұлып кетеді. Әр эмблеманың өзінің құпиясы, шығу тарихы бар. Радиаторыңызды безендіріп тұрған вензель қалай пайда болып және бір ғасыр алдын қандай болғанын бәлкім білмейтін де шығарсыз...
Alfa Romeo
Эмблемадағы қызыл крест пен айдаһар Милан герцогтарының Висконти,отбасымен байланысты. Крест Висконти отбасының елтаңбасы болған, ал айдаһарды аңыз бойынша V ғасырда Висконти отбасының арғы атасы өлтірген.
BMW
Ең бірінші эмблема 1917 жылы пайда болып, айналып тұрған пропеллерді бейнелеген. 1920 жылы пропеллерден дәстүрлі бавар түстеріне (ақ және көк) боялған, төрт бөлікке бөлінген шеңбер ғана қалды.
Citroёn
Инженер Андре Ситроен кәсіпкерлік мансабын беріліс қораптарын жасайтын зауыттан бастады. Бұл қораптағы тегершіктер жақсы тұтасу үшін шеврон түрінде арнайы тістері болды. Олардың бейнесі компанияның эмблемасына айналып, принципті түрде еш өзгертілмеді.
Ferrari
Артқы аяқтап тік тұрған аттың бейнесі ең алғаш итаяндық шебер ұшқыш Франческо Баракканың фюзеляжында болды. Ұшқыш 1918 жылы қаза болады, оның анасы символды Энцо Феррариге қолдануға ұсынады. Эмблемадағы сары түс көліктер шығарылатын Модена қаласының түсі.
Nissan
Эмблеманы безендірген алғашқы шеңбер қызыл түсте болып, көтеріліп келе жатқан күнді бейнелеген. Ал тіктөртбұрыш көк түсте болып аспанды бейнелеген. Компания қызметкерлері бұл бейнелер «адалдық жетістікке жетелейді» ұранының көрінісі дейді. Алайда қызыл мен көк түстер уақыт өте келе суық металлға орын берді.
Mitsubishi
Үш алмас компания құрушысы Ятаро Ивасакидің ата-тектік таңбасынан алынған. Көліктің атауы да осыдан: «мицу» жапон тіліне «үш», «биси» — алмас. Алмастар адалдықты, қоғам алдында жауапкершілікті, халықтар арасында түсінушілікті бейнелейді.
Mercedes-Benz
Фирма 1926 жылы Карл Бенц пен Даймлер Готлибтің компанияларының қосылуынан пайда болды. Даймлердің қойған үш жұлдызы үш ортадағы (жер, су, ауа) артықшылықты бейнелеген. 1937 жылы жұлдыз шеңбер ішіне орналастырылды (одан алдын онда «Бенцтен» гүл тәжі болған).
Opel
Шеңбердегі найзағай 30-жылдарда аңыз болған Opel Blitz Тур 3,6 еске түсіреді (неміс тілінде найзағай - Blitz). Одан алдын фирманың белгісі қарапайым болған, Opel жазуы бар көк сопақша, кейінірек торпеданың суреті қосылды. Ал ол өз алдына кейін найзағайға ауыстырылды.
Peugeot
Арыстан компания өнімінің қуатын бейнелейді. Сонымен қоса Бельфорда орналасқан арыстан монументі де эмблема болуға септігін тигізді. Peugeot зауыттары Бельфор аймағында орналасқан. Монументті Огюст Бартольди (Бостандық ескерткішінің авторы) орнатқан. Монумент 1871 жылғы немістердің қаланы қоршауларының сәтсіздігін еске түсіреді.
Porsche
Фирма Штутгарт қаласында орналасқандықтан, эмблеманың ортасында қаланың таңбасы және жылқы бейнеленген (қала жылқы өсіретін зауыттың орнында құрылған). Мүйіз бен жолақтар — Штутгарттың астанасы Вюрттемберг герцогстігінің таңбасы.
Renault
32 жыл бойы логотип болмаған. 1922 жылы торға орналастырылған Renault деген жазуы бар дөңгелек белгі пайда болды. Белгіні клоксанға орналастыратын, ал тор дыбыстың шығуына септігін тигізетін. 1924 жылы торды ромбы тәріздес жасағанда, эмблеаның формасы да өзгерді.
Rover
Қалқан түріндегі эмблема ең алғаш велосипед рамаларында пайда болды. 1904 жылдан компанияның ең бірінші автокөлігіне орналастырылды. Эмблемадағы жапырақтармен көмкерілген кеме, ағылшындардың ата-бабалары болып табылатын викингтарды еске салады.
Subaru
Эмблемадағы жұлдыздар Үркер (Subaru жапон тілінде) шоқжұлдызын бейнелейді. Басқа атауы — «Жеті апалы-сіңлілер», ежелгі грек титаны Атластың жұлдызға айналған қыздарына қатысты.
Toyota
Үш эллипс 1989 жылы пайда болды. Тік және көлденең эллипстар «Т» әрпін құрайды, үшінші эллипс «дамытудағы құру рухын» бейнелейді. Эллипстарды қоршаған бос кеңістік «болашақ мүмкіндіктер мен технологиялардың дамуын» бейнелейді.
Volkswagen
Алғашқы компанияның эмблемасындағы Volkswagen зауытының жанында орналасқан Вольфсбург қорғанының елтаңбасы бейнеленген. Кейінірек елтаңба алынып тасталды да, эмблемада W әрпі пайда болды. Әріп шеңбермен қоршалды. Эмблеманың бейнесі қазіргі таңда да сол қалпында қалған.
Volvo
Автозауыттың ең бірінші шыққан көлігі Volvo Jakob-ң эмблемасында радиаторда қиғаш жолақша, шеңбер, жебе (астрологияда Марстың белгісі) бейнеленген. 1975 жылы шеңбер алынып тасталды да тек VOLVO деген жазу қалды.