Тақырыбы: "Көлік түрлері" Мектепалды даярлық сыныбы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім саласының мазмұны: Әлеумет, Қатынас, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен танысу, Сауат ашу, Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: «Көлік түрлері»
Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және мысалдар келтіре алады. Жолда жүру ережелерін естеріне түсіру.
Көрнекілігі: АКТ, көлік суреттері, пазлдар, суреттер, кеспе әріптер, сөздер
Блингвалды компоненті: Көлік – транспорт - transport
Ұшақ – самолет – aircraft
Тікұшақ – вертолет – helicopter
Пойыз – поезд – a train
Кеме – корабль – ship
Зымыран – ракета – rocket
Қайық – лодка – a boat
Жүк көлігі – камаз – kamaz
Автобус – автобус – bus
Күтілетін нәтиже: балалар көлік түрлерін ажырата біледі. 3 тілде айтып бере алады. Суретпен жұмыс жасай біледі.
І. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
«Жылулық шеңбері»:
Армысың алтын Күн!
Армысың Жер - Ана!
Армысың, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Здраствуй, солнце золотое,
Здраствуй, небо голубое!
Здраствуйте, мои друзья,
Очень рад вас видеть, Я!
Good Morning
Good Morning
Good Morning to you
Good Morning. Mr. Rooster
Cock – o – doodlec - doo.
Good Morning
Good Morning
Good Morning to you.
Good Morning. Mr. Rooster
Cock – o – doodlec - doo.
Автобустың суретін көрсете отырып, бүгінгі ҰОҚ - де автобуспен қалаға саяхатқа шығатынымызды айту.
ІІ. Ой - қозғау.
«Ойлан тап» ойыны.
Тырылдап көкте инелік,
Инелік емес, үй делік. (Тікұшақ)
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады. (Зымыран)
Ауызында орақ,
Қолында тарақ,
Аңызда келеді,
Ақ маржан төгеді. (Комбайн)
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Төбесінде кіндігі
Жалғанған желіге
Қабырғада күндігі
Нұр шашқан төріне. (Троллейбус)
Қайда болсын баратын,
Мінсең – ұшқыр қанатың. (Ат)
Видео көрсету.
Блингвальді компоненттерін айту.
(айтылым, тыңдалым, оқылым)
Көлік – транспорт - transport
Ұшақ – самолет – aircraft
Тікұшақ – вертолет – helicopter
Пойыз – поезд – a train
Кеме – корабль – ship
Зымыран – ракета – rocket
Қайық – лодка – a boat
Жүк көлігі – камаз – kamaz
Автобус – автобус – bus
Танабаева Гулзат Сакеновна
Жамбыл облысы, Қордай ауданы
№42 Е. Қашағанов атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Көлік түрлері жүктеу
Көлік түрлері
Тақырыбы: "Көлік түрлері" Мектепалды даярлық сыныбы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз790 қаралым
#көлік#көлік түрлері#transport#транспорт#жолда жүру ережелері
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

