Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: Сөз бен сөз тіркестерін (қонжық машинада отыр) түсінуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Қарапайым сөйлеммен айтылған өтінішті түсіну және орындау.
Дамытушылық: Баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту;
Тәрбиелік:
Әдіс - тәсілдер: Шаттық шеңбері, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын
Сөздік жұмыс:
1. Мотивациялық қызығушылық
1. Шаттық шеңбері: «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Тәрбиеші балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады.
2. Ұйымдастыру кезеңдері
2. Әңгімелесу:
- Балалар, біздің ұлдарымыз қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс, машиналармен. Мына машинаның атын кім біледі? (бір-бірден әртүрлі көлікті көрсетеді).
- Дұрыс, ал оның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз, кім біледі?
- Ал, көліктер не үшін бізге керек? Кім біледі? Көлік бізге көмектеседі, Қалай?
- Әрине, көлікпен жол жүреміз, алыс жерге тез жетеміз.
- Тамаша, енді балалар бізге қонаққа өз көліктерімен бірге жануарлар келеді. Ал, сендер бұл жануар атап, қай көлікте келгенің айтып, не істеп отырғаның айтасыңдар, жақсы ма?
- Ал, кім көп жауап берсе, дұрыс жауап берсе жануарлар бізге сыйлық сыйлайды.
Сергіту сәті:
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай
- Енді балалар, мына суретке қарайық, не бейнеленген?
- Қайталайық, көліктер. Атап көрейік...
- Дұрыс, ал көліктермен тағы не істейміз? Киім тасуға бола ма? Ал, тағы...?
Дидактикалық ойын: «Суретті жинап ал!»
М: Ойлау және қол маторикасын дамытады.
Ш: Бөлінген көліктердің суреттерін жинап құрастыру.
Көліктер. жүктеу
Көліктер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз637 қаралым
#көліктер#сөйлеуді дамыту#көліктің түрлері#бастауыш сыныптарына арналған сабақ жосары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

