Колумбияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты, осыған байланысты ел президенті апат режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысы Абелардо де ла Эсприэлья жойқын табиғи апаттан кейін Колумбияда апат режимін жариялайтын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости Tiempo басылымының жарияланымына сілтеме жасап.

Еске салайық, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Сол күні кешке 30 адам қаза тапқаны хабарланған еді. 11 тамыз таңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 132 адам құрбан болды, тағы 570 адам жарақат алды. Ел үкіметі ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялап, зардап шеккен ауданға әскери қызметшілерді жіберді.

Сондай-ақ кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бүгін, 12 тамызда, қаза тапқандар саны 200-ден асқаны белгілі болды.