«Көңілді мәре» спорттық ойыны
Өтілетін жарыс орны: мектеп спорт аланы.
Мақсаты: 1) Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2) Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайыстың барысы: 1. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
3. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту;
Сайыстың түрі: командалық жарыс
Сайыстың әдісі: ойын
Өтетін орны: спорт алаңы
Өтетін сыныбы: 4 сыныптар
Құрал - жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап, эстафета таяқшасы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
2. Ортаға командалар шығады. Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Әнұран орындалады.
ІІ. Жарыстың шарты.
1. Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2. Эстафеталық ойындар
3. Қорытындылау
1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
2.«Секіртпемен жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
3.«Шығыршық тасы»
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді
4.«Кім жылдам»
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.
5.«Жұптасқан ұстаушылар»
Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.
6.«Қаппен жүгіру»
Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншыға береді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
7.«Арқан тарту»
Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір - бірімен түгел арқанмен тартысады.
ІІІ. Қорытындылау.
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттау
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз526 қаралым
#салауатты өмір салтын насихаттау#көңілді мәре#спорттық ойыны
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

