Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Конус – айналу денесі
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы, Мерей ауылы,
ЖОББ Шипов мектебі математика пәнінің мұғалімі
Тулембаева Ольга Буранбаевна

Сабақтың тақырыбы: Конус – айналу денесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақта оқушылар конус, оның элементтері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақта оқушыларға конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын, табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзбетімен ойлау қабілетін жетілдіру. Конустың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі; әдебиет; тарих.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютер.

Жоспары
1. Үй жұмысын тексеру
2. Жаңа тақырып түсіндіру
3. Есептер шығару
4. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау: 10 - 12мин
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
Үй тапсырмасын оқушылардан «Білім шыңы» ойыны арқылы сұрап тексеремін. Ол үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды екі жақтап орындап, білім шыңының ең жоғарғы бөлігіне жетіп, туды тігу керек. Қай топ бірінші тіксе, сол топ жеңіске жетеді.
«Білім шыңы» ойын

Үйге берілген есептер электронды оқулық көмегімен тексеріледі.№»1, 2
2) Жаңа сабақты меңгерту. 20 - 25мин
Видео ролик: «Ең үлкен сәукеле»
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу, маржан, меруерт, ақық сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар түрлі - түсті қымбат жіптермен тігіледі. Сәукеленің тігілуі туралы ғалым Ө. Жәнібек былай дейді: «Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар ерте ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтына арнап, қалыңдықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамалар қыстырылатын қаңқа ретінде биіктігі 20 - 30 см - дей келетін бағалы аң терісімен көмкерілген «сүйрік бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсететін» [1, 16]. Сәукеле сөзінің шығу төркіні туралы Е. Жанпейісов былай дейді: «Қырғыз тілінде «шөкүлө» - богото украшенное конусобразное свадебная шапка невесты. Сәу «sau, сағ» выражает значение целой, всецело, цельный, чистый, а компонент келе «күлө, kula» название головного убора связан с его основным признаком конусообразностью, относительной удлиненностью»
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын кім атайды? «Конус – айналу денесі.»
Электрондық оқулықпен жұмыстану, жаңа тақырып түсіндіру.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.

Конус элементтері: табаны, жасаушысы, биіктігі.

Конус түрлері:

Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз. Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.
Конустың қималары.

1-сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш
2-сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш
3-сурет – Конусты оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек
4-сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.

«Қызықты конустар»
Оқушы сәбізді қию арқылы конус қималарын көрсетеді.
Негізгі формулалар
Конустың бүйір бетін бір жасаушысының бойымен тіліп, оның жазбасын алуға болады (146 а, б - сурет). Конустың бүйір бетінің жазбасы радиусы конустың жасаушысына тең, ал доғасының ұзындығы конус табаны шеңберінің ұзындығына тең сектор болып табылады.

Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:
Sк. б. б. =ПRL
Sтаб =ПR2
Sк. тол. беті =ПRL + ПR2 = ПR(L + R)
L - конустың жасаушысы, R – табанының радиусы

3. Есептер шығару.
№8
Конус табанының радиусы 4см. Осьтік қимасы теңқабырғалы үшбұрыш. Осьтік қиманың ауданын табыңыз.
№9
Конустың биіктігі 8 м, табанының радиусы 6м. Конустың жасаушысын тап.

№10
Конустың жасаушысы 8 м және ол табан жазықтығымен 〖60〗^0бұрыш жасайды. Конустың табан ауданын табыңдар.

№11
Жасаушысы 13 дм, ал табанының радиусы 5дм болатын конустың биіктігін табыңдар.

№12
Конус табанының радиусы r, ал осьтік қимасы тікбұрышты үшбұрыш. Қиманың ауданын табыңдар.
№13
Конустың оьтік қимасы - қабырғасы 2r - тең дұрыс үшбұрыш. Араларындағы бұрышы 〖30〗^0 - қа тең екі жасауша арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама