Геометрия 11 - класс
Сабақтың тақырыбы: Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы.
Сабақтың мақсаты: Конус туралы білімдерін кеңейту;
Конус, конустың жазықтықпен қималары, конустың жазбасы және бетінің ауданы туралы меңгерту;
Конустың бетінің аудандарын табу формуласын есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру;
Нақтылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгерту;
Әдісі: Ақпараттық, түсіндірмелі, ой - қозғау, есептер шығару т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру. №34
Тік төртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда қандай фигура шығады? Цилиндр
Тік бұрышты үшбұрышты бір катетінен айналдырғанда қандай фигура шығады? Конус. Иә, демек конус та айналу денесі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Электронды оқулықты пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру.
Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен басқа ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп аталады.
Бекіту сұрақтары:
Конустың жасаушысы конустың биіктігіне тең болуы мүмкін бе? жоқ
Конустың жасаушысы табан шеңберінің радиусына тең болуы мүмкін бе? жоқ
Егер α жазықтығы конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады.
Конустың осьтік қимасы тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе? Иә
Конустың осьтік қимасы тікбұрышты үшбұрыш болуы мүмкін бе? Иә
Конустың қимасында тең қабырғалы үшбұрыш шығуы мүмкін бе? Иә
Конустың жазықтықпен қимасында осьтік қимадан басқа тең бүйірлі үшбұрыш шығуы мүмкін бе? Иә
Конустың қимасында дөңгелек, эллипспен шектелген фигура шығуы үшін қиюшы жазықтықты қалай жүргізу керек?
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы. жүктеу
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Геометрия 11 - класс
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз682 қаралым
#конус#конустың жазықтықпен қимасы#конустың жазбасы және бетінің ауданы
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

