Қысқа мерзімді жоспар
Математика 6 сынып
Тақырыбы: Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы.
Мақсаты: Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы берілген нүктелердің координаталары айырмасының модуліне тең болатынын, арақашықтықтың оң санмен өрнектелетінін, екі санның айырмасының модулінің мәні ондағы азайғыш пен азайтқыштың орындарын ауыстырғаннан өзгермейтінін үйрету.
Күтілетін нәтиже: Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы берілген нүктелердің координаталары айырмасының модуліне тең болатынын, арақашықтықтың оң санмен өрнектелетінін, екі санның айырмасының модулінің мәні ондағы азайғыш пен азайтқыштың орындарын ауыстырғаннан өзгермейтінін үйренеді. Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы, тақырыпты дұрыс орындауға дағдыланады
7 модульдің қолданылуы: “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Интервью», «Кім шапшаң», «Джигсо», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам»
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, тақта, бор, оқулық.
Ұйымдастыру кезеңі 7 мин
Оқушыларды сандар жазылған парақшалар арқылы 4 топқа бөлу.
Ертеде бір патшалықта «Рационал сан» атты патша өмір сүріпті, ол патшаның.« Оң сандар», «Теріс сандар», «Қарама - қарсы сандар», «Жай сандар», «Теріс сан», «Қарама - қарсы сандар» атты төрт ұлы болыпты. Ұлдарының ақылы көркіне сай болса да, өздерінің патшалықта алатын орны мен маңыздылығы жөніндегі даулары бітпепті. Төрт ұлының дауынан шаршаған патша оларды шақырып:
- Төртеуіңе үлкен сынақ беремін, қайсың содан сүрінбей өтсең, патшалықтың мұрагері атанып, бар байлықты иеленесіңдер депті. «Оң сан», «Теріс сан» мен «Қарама - қарсы сан», «Жай сан» нөкерлерін жинап сайысқа кірісіп те кетеді.
Мен сіздердің топ басшыларыңызға бағалау парағын таратамын, бүгінгі ертегілер әлеміне саяхатымызды осы парақ арқылы бағалайтын боламыз
«Интервью» әдісі арқылы топтар өздерінің топ аттарын қорғайды
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Білім
Қызығушылықтарын ояту 7 мин «Кім шапшаң» әдісі бойынша, өткен тақырыпқа қатысты тест тапсырмасы
Түсіну 10 мин
Жигсо» әдісі бойынша «координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы» тақырыбын өздері талқылап, өздері қайталау масатында постер жасау.
Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы. жүктеу
Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы
Қысқа мерзімді жоспар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз566 қаралым
#математика 6 сынып#қысқа мерзімді жоспар#координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

