Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем
Сабақтың мақсаты:
1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлұмат беру.
2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.
Көрнекілік: жыл мезгілдерінің суреттері, құстардың суреттері, асықтар, қоржындар, теледидар, үнтаспа.
Ынталандыру. Сезім ояту.
Балаларды дөңгелендіре тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын оқиды:
Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға жауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
- Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
Ізденістер. Ұйымдастыру.
1.«Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны.
Шарты: жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету, оның ішінде көктемнің суреттерін таңдап тақтаға іліп қою.
2. Тыныштық сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Үнтаспадан «Көктемгі дыбыстар» тыңдату. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Балалар, көздеріне қандай жыл мезгілі елестеді?
- Көктем
Көрікті көктем жүктеу
Көрікті көктем
Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз734 қаралым
#жыл мезгілдері#өсімдіктер мен жануарлар#көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

