Ана тілі 1 сынып
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Сабақтың мақсаты:
а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкен кісіні сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
- Балалар, осы нағашы ата деген кім?
- Дұрыс мамамыздың әкесі.
- Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?
IV. Мақсат қою кезеңі:
- Балалар, біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?
- Балалар, осы Сөз атасы – сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
- Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?
- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?
V. Жаңа сабақ:
55 - жаттығу. 1. Сөздерді салыстырып оқыңдар.
Ұн - үн тұс - түс құз - күз
Ұш - үш сұр - сүр тұр - түр
Ұю - үю ұғу - үгу құн - күн
2. Жұптастырып берілген сөздердегі ұ, ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқадыңдар ма?
3. Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.
56 - жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
57 - жаттығу. А - ә, ы - і, ұ - ү, о - ө әріптерінің тиістісін қойып, сөздері жазыңдар.
Ыстық орын әскер
Көрме киік қорық
«Көрші атам»деп аталады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады
- Міне нағыз жігіт!- деп,
Сүйсініп бір алады
Сәлем бере білейік (көрініс ретінде)
- Ассалаумағалайкум! - «Алланың нұры жаусын!»
- Уағалайкумассалам! - «Өзіңізге де соны тілеймін!»
* Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер? (М. Жаманбалиев)
Біздер сәлем береміз
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де, ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
V. Жаңа материалды пысықтау:
- Ал енді бір - бірімізбен амандасып көрейікші. Сыныптастармен, Мақалдар
VI. Бекіту кезеңі
VII. Үйге тапсырма, бағалау
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз848 қаралым
#бастауыш сыныптарына#күнделікті сабақ жоспары#ұ дыбысы#көрші атам#ү дыбыстары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

