Әлеуметтік желілерде Қостанайдағы ауруханада болған жанжалдың видеосы тарады. Онда науқас әйел қызметкерге дене жарақатын саламын деп қорқытқан. Ер адам оны «өлтіремін» және «басыңды аламын» деп сендірген. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Қызметкердің айтуынша, ол науқастан басқа ауысымда келуін сұраған соң осы оқиға болған. Ер адам бастапқыда келіскен, бірақ диализ процедурасына келген кезде айғайлап, балағат сөздер айтып, оны әділетсіздік танытты деп айыптай бастаған. Қыздың сөзіне қарағанда, бұл науқастар тарапынан болатын алғашқы агрессия емес, мұндай жағдайлармен ол және оның әріптестері жиі кезедеседі.

«Өліммен қорқыту – бұл кәсіптің бөлігі емес. Қорлау – кәсіптің бөлігі емес. Медицина қызметкерін кемсіту – кәсіптің бөлігі емес», – деп жазды ол өз жазбасында.

Редакция анықтағандай, жанжал «Биос» диализ орталығының Қостанай филиалында болған. Ұйым өкілдері түсініктеме беруден бас тартып: «Қазіргі уақытта ешқандай түсініктеме жоқ», – деді.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша ресми арыздар келіп түспеген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға әсер ете алмайтындарын айтты, себебі «медициналық ұйым – жеке меншік құрылым және Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарамайды».