Қостанай облысында 15 жасар баланың қазасы және оның анасының жарақат алуына қатысты сот процесі басталды. Тергеу нұсқасы бойынша, жасөспірім отбасылық жанжал кезінде әйелді қорғауға тырысқан, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Еске салайық, 25 сәуірде Жітіқарада тұрмыстық жанжал болып, 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған, ал оның ұлы оқиға орнында қайтыс болған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай жәбірленушінің күйеуін ұстаған. Белгілі болғандай, сот алдына жергілікті тұрғын Евгений Канылин келді, ол әйелді өлтіруге оқталу және кәмелетке толмағанды өлтіру фактілері бойынша айыпталуда.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға отбасының пәтерінде болған. Оқиғаға дейін жұбайлар туысымен бірге алкоголь ішкен. Қонақ кеткеннен кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан.

Прокурордың мәлімдеуінше, айыпталушы ас үй пышағын алып, әйелінің ішіне ұрған. Анасының айқайын естіп, бөлмеге 15 жасар ұлы жүгіріп кіріп, ер адамды тоқтатуға тырысқан. «Канылин алдында кәмелетке толмаған бала тұрғанын түсіне отырып, оған пышақ жүзімен төрт соққы жасады», — деді мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Кенжетаева.

Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу нұсқасы бойынша, одан кейін ер адам әйеліне жатын бөлмеде шабуылдауды жалғастырған. Оны тоқтатып, қарусыздандыруға әйелдің туысы, апайының айқайына пәтерге қайтып келген адам қол жеткізген.

Сот-психиатриялық сараптама айыпталушының психикалық ауруы жоқ екенін және қылмыс кезінде өз әрекеттерін саналы түрде басқара алғанын көрсетті. Мемлекеттік айыптаушы соттан Евгений Канылинді кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші және қайтыс болғанның туыстарының өкілі өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді: «Мен туыстарыма қатты қайғы әкелдім. Мен бәрі осылай болғанын қаламадым. Кешіріңіздер мені».

Қылмыстық іс бойынша үкім жақын күндері жарияланады деп жоспарлануда.