Костанай облысында Kia Sorento жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі қатысқан жол апатынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Костанай–Қарабұтақ трассасы Бейімбет Майлин ауданының Тобыл ауылы маңында болған апатқа қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала анықталғандай, Kia көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, қарсы жолаққа шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктегі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, екінші жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Костанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.