- 15 нау. 2015 00:00
- 368
Көз жасы туралы қызықты мәлімет
Қобалжуларға себеп болатын кейбір токсиндердің бір бөлігі көз жастарымен денеден шығып кетеді. Сонымен қатар көз жасы — көзді жұмып ашу арқылы болатын тұрақты үйкеліс себебінен көздің бұзылуының алдын алады.
Фрейдің зерттеулері бойынша, әйелдердің еркектерден көбірек өмір сүрулері, олардың көп және еркін жылауларына байланысты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, әйелдердің көз жастарын жинау мүмкін болғанда, 70 жастағы бір әйелдің көз жастары бір шелекті толтырады екен.
Миннесота штаты мен британиялық Ланкастер университетінің ғалымдары адамның көз жасының денсаулыққа пайдалы екенін анықтады. Бар мәселе қаншалықты көп жылайтынымызға байланысты екен.
Миннесота университетінің мамандары аз уақыт жылаған адамдардың 88,8%-ының көңіл-күйі мен денсаулығы жақсарғандығына көз жеткізген. Жылау арқылы адам күйзелістен арылады. Егер жасты сыртқа шығармаса, ағзада жүрек талмасын болдыратын заттар бөлініп шығады. Әдетте жылаған соң күйзеліс гормоны кортизолдың деңгейі төмендейді.
Тәжірибе жүргізуші профессор Уиллиам Фрейдтің айтуынша, көзден шығатын жастың бірнеше түрі бар. Эмоциялық, физикалық және т.б. Алғашқысының химиялық құрамы екіншісінен өзгеше. Өйткені екінші түрі тәніміз ауырған кезде шығады. Эмоциялық көз жастың арқасында артериялық қысым ретке келеді.
Британиялық мамандар жастың адамның психологиялық денсаулығына тигізер пайдасы зор екеніне назар аударған. Ланкастер университетіндегі зерттеудің жетекшісі болған Кери Купер дұрыс жылай білу керектігін айтады.
Көп адам әлсіздігін жасыру үшін жыламайды. Тек басына түскен қиындыққа өзгелердің назарын аударту үшін жылайды. Егер мұндай мақсатыңыз болмаса, таза ауада жалғыз қалып жылаған жөн. Терең тыныс алудың арқасында ойымыз жинақталып, әрбір ісімізге дұрыс баға береміз.