- 04 сәу. 2018 00:00
- 257
Көзге көрінбейтін қатерлер: өңезденген «саңырауқұлақ» қаншалықты қауіпті
Өңезденген саңырауқұлақ, немесе қарапайым тілмен айтқанда өңез - әлемде ең көп таралған саңырауқұлақтың түрі. Оған дым болса жеткілікті. Сондықтан сіздің үйіңіз бен пәтеріңіздегі бірнеше құбырдан су ақса немесе құбыр тесіліп, су тамшылап тұрса, бұл өңездің пайда болуына өте ыңғайлы жағдай жасайды. Өңездің кейбір түрлері тұрғын жайға ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығына да зиянды.
Мына аз ғана белгілерге назар аударыңыз: олардың әрқайсысынан байқасаңыз, сіздің үйге де өңез пайда болды деп дабыл қағуға болады.
Су тамшылап тұрса...
Құбырлардан судың тамшылап тұру мәселесі тіпті жаңа салынған үйлерде де кездесіп жатады. Үйіңізді жіті бақылаңыз: қабырғаға немесе төбеден су тамшылап тұрғанын байқадыңыз ба? Байқасаңыз, онда сіздің үйіңіздің бір бұрышында міндетті түрде саңырауқұлақ өсіп тұруы мүмкін.
Иіс
Өңездің қолайсыз, көгерген дым исі өте жылдам таралады. Барлық бөлмелерді аралап шығып, өңездің негізгі ошақ көзін табуға болады. Ештеңе көрмей тұрсыз ба? Ендеше, түсқағазды қопаруға тура келеді. Кейбір кезде саңырауқұлақ қабырғаның ішінде де өсіп шығуы мүмкін.
Буланған терезе
Терезенің булануы дымның артуынан пайда болады. Көп адамдар терезенің үнемі буланып тұрғанына үйреніп кетеді де, назар аудармайды. Бұл бекер. Мұндай жағдай үйде саңырауқұлақтың пайда болғанын білдіреді.
Көздің қышып дуылдауы және тамақтың ісінуі
Қыста мұндай жағдайды жеңіл суқ тиіп қалуы деп қабылдауға болады. Дегенмен, көздің қызаруы, тамақтың ісінуі мұрынның шырышты қабығының ауыруымен астасса ойланыңыз. Мұның себебі саңырауқұлақтан пайда болған аллергия болуы мүмкін.
Тыныс алу органдарының аурулары
Осындай жағдайлар ауыр жөтелге, кеудеде сырыл пайда болуына алып келуі мүмкін. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері адамды лоқсуға дейін жеткізеді, бұл жағдай адамның астмамен ауыруына әкеліп соқтырады.
Кеуденің шағып ауыруы
Кеуденің шағып ауыруы – саңырауқұлақтан пайда болатын аллергияның басты себебі. Суық тиіп ауырғаннан емделіп болсаңыз, кеудеңіз әлі шағып ауырып жүрсе үйіңізді қарап шығыңыз. Себебі, бұл саңырауқұлақ кеселі болуы мүмкін.
Қауіптің қайтып келуі
Өңезді тазалап болғаннан кейін үйді үнемі тексеріп отыру керек. Өңез ас үйдегі қол жуғыштың астында пайда болуы ықтимал.
Арнайы мамандарды шақыруға бола ма?
Жоғарыда келтірілген ақпараттардан кейін өңез ауыр аллергиялық реакцияларға алып келетінін түсіндік. Егер ол реакциялар сіздің бойыңызда пайда болса, арнайы маманданған қызмет түрін шақыруға болады. Өйткені, өзіңіздің денсаулығыңызды қауіпті жағдайға қалдыруға болмайды. Егер денсаулығызда ақау болмаса, онда саңырауқұлақтан өз күшіңізбен құтылуға мүмкіндік бар.
Өңезді өзіңіз қалай жеңе аласыз?
Өңезді қорғану құралдарының көмегінсіз тазалауға болмайды. Респиратор, көзілдірік, қолғап – осылар жеткілікті. Өңезді жуатын ертіндіні дайындау қарапайым: хлорды суға 1:3 мөлшерде ерітіп, содан кейін қатты щеткамен ұқыптап тазалаңыз. Тазаланған жерді таза сумен тағы бір жуып шығыңыз да фенмен ұқыптап кептіріңіз.