Ресми Мәскеу еуропалық саясаткерлердің Ресей Еуропа елдеріне қауіп төндіреді деген тұжырымдарымен мүлдем келіспейді. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Францияның «Ұлттық бірлестік» партиясының өкілдері Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың жақында айтқан сөздеріне қатысты пікір білдіргенде мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Песковтың айтуынша, мұндай мәлімдемелер қабылданбайды. «Ресей не Францияға, не Еуропадағы бірде-бір мемлекетке қауіп төндірмейді. Бұл туралы президент (РФ Владимир Путин — ред. еск.) бірнеше рет айтқан», — деп атап өтті ол.
Кремль өкілі осылайша Францияның «Ұлттық бірлестік» партиясының көшбасшылары Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың Ресей қауіп төндіру арқылы Францияның саясатына ықпал етуге тырысып жатқаны туралы мәлімдемесіне жауап берді.
«Сондықтан мұндай мәлімдемелермен біз мүлдем келіспейміз, оларды қабылдамаймыз», — деді Песков.
Ол сондай-ақ Мәскеудің еуропалық мемлекеттермен арасында елеулі қақтығысқа себеп болатын ешқандай дауы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ресейлік тарап ешкімге қауіп төндірмейді және ешкімді шантаж жасамайды.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен Майамиде кездесуі мүмкін еместігін мәлімдегені хабарланған болатын.


