Кремль Ресейдің Иркутск облысында оба індетінің өршуі мүмкіндігі туралы хабарламаларға түсініктеме беріп, тек Роспотребнадзордың ресми ұстанымына сүйенуге және өсек-аянға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Иркутск облысындағы жағдай бойынша Роспотребнадзордың ресми ұстанымына сүйену керектігін мәлімдеді. «Бұл жағдайда осы салада құзыретті бас ведомство — Роспотребнадзор. Дәл осы Роспотребнадзордың ресми мәлімдемелеріне сүйену керек, түрлі өсек-аянға, түрлі пікірлерге және т.б. құлақ аспау қажет. Роспотребнадзор бар, онда осы саланың жоғары кәсіпқой мамандары жұмыс істейді», — деді Песков Кремльде Иркутск облысындағы жағдайды қадағалап отыр ма деген сұраққа жауап беріп.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдің Иркутск облысында обаға күдікпен обаға қарсы институт қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған. Марқұм диагностика үшін биоматериал жинап жатқанда зертханада қауіпті бактериясы бар пробирканы абайламай сындырды деп болжанған.
Кейінірек Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде аса қауіпті инфекцияға күдік туралы ақпараттан кейін республикада қабылданған шаралар туралы айтты.


