Иранның Ислам революциясы күзетшілері корпусы (КСИР) Таяу Шығыс елдерінің тұрғындарын американ әскерлері орналасқан аудандардан алыс жүруге шақырды. Бұл туралы түрік «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасаған infohub.kz сайты хабарлайды.

КСИР аймақ елдеріндегі АҚШ-тың әскери базаларында орналасқан американдық әскерилердің көпшілігі ол жерлерден шығып, қала орталықтарындағы ғимараттарға көшіп орналасқанын мәлімдеді.

Иран тарапы аймақ елдерінің тұрғындарын американ әскерлері орналасқан аудандардан кемінде 500 метр қашықтықта болуға шақырды.

Бұған дейін The New York Times басылымы ирандық және ирактық шенеуніктерге сілтеме жасап, Тегеран Трамптың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамағанын хабарлады.