Армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
Химия пәнінің мұғалімі
Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы
Сабақтың тақырыбы: Күкіртті сутек, сульфидтер. Күкірттің сутекті қосылысы. Күкіртті сутектің физикалық, химиялық қасиеттері
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкіртті сутек, сульфидтер.
Күкірттің сутекті қосылысы.
Күкіртті сутектің физикалық, химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Күкіртті сутек, сульфидтер, күкірттің сутекті қосылыстары, күкіртті сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, табиғатта кездесуі, қоршаған ортаға экологиялық әсері жайлы жаңа білім дағдыларын игеру.
Эпиграф
«Өнер ағып тұрған бұлақ, білім жанып тұрған шырақ»
• Сабақтың түрі: Ішінара - іздену
• Сабақтың принциптері: Біртұтастық, жүйелілік, ғылымилылық Сабақтың типі: Жаңа білім - іскерлік дағдыларды игерту
• Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау,
Диалогтік, «Әлемді шарлау» стратегиясы,
жекелей, топтық, жұптық жұмыстар
• Керекті құралдар: Күкірт, стақан, шыны таяқша, күкірттің
маңызды қосылыстары, тұздары
• Техникалық құралдар: АКТ,
• Пән аралық байланыс: медицина, биология, психология, физика,
география, әдебиет, тарих, биотехнология
Сабақтың барысы:
Блок - схема
1 - амал: «Білемін» Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндірудегі іс - әрекет
2 - амал:
«Білгім келеді»
4. Жаңа сабақтың мазмұны
5. Сабақты бекіту (есептер шығару|)
3 - амал: «Білдік»
6. Жаңа сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
1 - амал: «Білемін»
1 - ші деңгей:
1. Бейметалдардың периодтық кестедегі орны
2. Бейметалдардың физикалық және химиялық қасиеттері
3. Электртерістік дегеніміз не?
4. Күкірт оның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
Күкірт
↓
Табиғатта кездесуі
Физикалық, химиялық қасиеттері
Қолданылуы
2 - деңгей:
Күкірттің химиялық қасиеттері.
Күкірттің мына заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар?
2 - амал: «Білгім келеді»
Жаңа сабақтың мазмұны
Күкірт сутек: Химиялық таңбасы – Н2S
Молекулалық формуласы – Mr(Н2S)=34
Физикалық қасиеттері: p=1, 54г/л. (қалыпты жағдайда), t - балқу - 85, 54С⁰,
t - қайнау - 60, 35С⁰, суда аз ериді.
Химиялық қасиеттері: Күкіртті сутек суда нашар ериді. Нәтижесінде екі негізді, әлсіз күкіртті сутек қышқылы (лакмус пен метилоранжды қызарта - тын) түзіледі. Оның тұздары сульфидтер деп аталады. Күкіртті сутек қыш - қылы сатылы диссоциацияға түседі. Сілтілік және сілтілік жер металдары суда жақсы ериді. Ауыр металдардың сульфидтері суда аз ериді немесе ерімейді. Күкірттің сутекті қосылысы күкіртті сутек, ол көбінесе вулкан газдарында, табиғи шипалы сулардың құрамында кездеседі (Барлық Арасан) және органикалық заттар шірігенде бөлінеді Күкіртті сутек қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
Н₂+S=Н₂S
2Н₂S+3О₂=2SO₂+2H₂O
2Н₂S+О₂=S+2H₂O
2ZnS+3О₂=2ZnO+2SO₂
Толық нұсқасын жүктеу
Күкіртті сутек, сульфидтер
Армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1031 қаралым
#химиялық қасиеттері#химия 9 сынып#күкіртті сутек#сульфидтер#күкіртті сутектің физикалық
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

