(М. Горькийден)
Күн шығады да, батады,
Абақтым қара әрі тар.
Түнде, күндіз күзетшілер
Тереземді бақылар.
Бақылаңдар, мейілдерің,
Қаша алмаймын мен сорлы.
Жүрек ерікке ұмтылады,
Үзе алмаймын шынжырды.
Ай, шынжырлар, шынжырларым,
Сендер - темір сақшылар.
Үзе алмас та, сындыра алмас
Сендерді асқан батырлар.
Қарға, қарға, қара қарға,
Heгe төніп келесің?
Көзің сүзіп күтпе бекер,
Мен сенікі емеспін.